ҚОҒАМ
Атырауда тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, көшелер мен аулаларды тазалау мәселесі әлі де күн тәртібінде, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
Атырау облысында елді мекендердің аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылуда.
Басқарма мәліметінше, биыл облыста 10 136 аула тазаланған. 237 сенбілік өткізіліп, оған 94,7 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде 7 867 тонна қоқыс шығарылып, қоғамдық орындар мен саябақтар ретке келтірілген.
Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, аумақтарды абаттандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық шараларына жергілікті тұрғындармен қатар волонтерлер, оқушылар мен студенттер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар қатысқан. Биыл осы бағытта 285 экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.
Қоршаған ортаны көгалдандыру жұмыстары да жүргізіліп, 18 429 ағаш көшеті отырғызылған.
Қаладағы тазалық пен экологиялық тәртіпті бақылауды күшейту мақсатында жыл соңына дейін 1 780 бейнебақылау камерасын кезең-кезеңімен орнату жоспарланып отыр. Басқарма тазалық және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61