ДЕНСАУЛЫҚ

Алматыда ер адамның көзіне тас сынығы кіріп кетті

Алматыда жұмыс кезінде жас жігіт ауыр жарақат алды. Ол тасты балғамен ұрып жатқан кезде ұшқан сынық көзіне тиіп, ішіне терең кіріп кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Дәрігерлердің мәліметінше, тас сынығы көздің қабықтарын зақымдап, көз ішінде тұрып қалған. Науқасқа күрделі операция жасалып, мамандар бөгде затты алып, зақымданған бөліктерін қалпына келтірді.

Қазір дәрігерлер ер адамның көзін сақтап қалу және мүмкіндігінше көру қабілетін қалпына келтіру үшін ем жүргізіп жатыр.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қатты материалдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтап, міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін тағу қажеттігін ескертті.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61