ҚОҒАМ
Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері экологиялық шараларға 132,7 мың адам қатысқан, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Жасанды интеллект
Өңірде 86,3 мың аула аумағы тазартылып, 689 ескерткіш, 211 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Сонымен қатар 144,5 мың тонна қалдық шығарылып, жұмыстарға 2599 арнайы техника жұмылдырылған.
Абаттандыру жұмыстары барысында 128,1 мың ағаш пен 5,4 мың бұта отырғызылды. Сондай-ақ 50 мың ағаш әктеліп, 10,9 млн шаршы метр газон орылды. 70 демалыс аймағы, 3,9 мың шақырым көше, 340-тан астам автобус аялдамасы және 268 кіреберіс тобы тазартылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 наурыздан бері апта сайын сенбіліктер мен «Таза бейсенбі» шаралары ұйымдастырылып келеді.
Өңір тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Жыл басынан бері телеарналарда 519 сюжет, баспа БАҚ-та 412 мақала, интернет-порталдарда 518 материал және әлеуметтік желілерде 72 бейнеролик жарияланған. Өңірлік және аудандық пабликтерде 109 498 жарияланым орналастырылған.
Сонымен қатар Telegram-бот арқылы тұрғындардан 916 өтінім келіп түскен. Оның 817-сі орындалып, 79-ы кері қайтарылған, 20 өтінім бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
2026 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Конституциясы көшесін реконструкциялау, аулаларды абаттандыру және 43 футбол алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсаттарға 2,9 млрд теңге бөлінген.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61