ӘЛЕМ
Криштиану Роналду Португалия құрамасының оқу-жаттығу жиынынан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Португалиялық футболшы бұл шешімді бас бапкер Жорже Жезуштің баспасөз мәслихатынан кейін және Португалия футбол федерациясының президенті Педру Проэнсамен сөйлескен соң қабылдағанын айтты.
Роналду ұлттық құрамаға әрдайым бар күшін арнағанын атап өтті. Ол кетуіне себеп болған жағдайларды кейінірек Португалия халқына түсіндіретінін мәлімдеді.
Футболшы Португалияға және барлық командаластарына сәттілік тіледі.
Португалия футбол федерациясы Роналдудың оқу-жаттығу жиынынан кеткенін растады. Оның ұлттық құрамадағы болашағына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61