ДАМУ

Қазақстандық компания Ауғанстандағы теміржол учаскесін салды

Шахмурат Муталипке тиесілі компания Ауғанстанның батысындағы Иранның Хаф қаласын Гератпен байланыстыратын теміржол учаскесінің құрылыс жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Сауда және интеграция министрлігі бұл жобаға қатысты бірқатар мәліметті Forbes Kazakhstan басылымына берген.

Жобаның тапсырыс берушісі – Ауғанстан теміржол агенттігі. Қазақстан тарапынан жобаға Ауғанстандағы елшілік арқылы ҚР Үкіметі қолдау көрсеткен. Қаржыландыруды Ауғанстан Көлік министрлігі қамтамасыз етеді.

Келісімшарт 2019 жылғы қарашада G2G (Government to Government), яғни мемлекетаралық ынтымақтастық форматы бойынша жасалған. Жоба ұзындығы 42,65 шақырым болатын теміржол желісін салуды көздейді.

Құрылыс жұмыстарына қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС қатысқан. Компанияның бенефициарлық иесі – Шахмурат Муталип.

«Integra Construction KZ» Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы 75 ірі жеке компанияның қатарына кіреді. Компания 2025 жылы жеті жыл үзілістен кейін рейтингке қайта еніп, бірден 12-орынға орналасты. Сол жылы компанияның түсімі 418,8 млрд теңге, ал таза пайдасы 35,43 млрд теңге болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61