ҚОҒАМ

Қазақстанда пойыз билеттері 10%-ға арзандады

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға төмендеді. Жеңілдік күзгі-қысқы кезеңде жолаушылардың теміржол көлігін тиімді бағамен пайдалануына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жеңілдік ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне қолданылады. Сонымен қатар қала маңындағы пойыздардың жолаушылары да төмендетілген тарифпен жүре алады.

Жеңілдік 1 қазаннан бастап күшіне енді және жыл соңына дейін жалғасады. Осы кезеңде жолаушылар қалааралық бағыттар бойынша сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді жеңілдікпен сатып ала алады.

Билеттерді теміржол вокзалдарындағы кассалардан және bilet.railways.kz ресми сайтынан рәсімдеуге болады.

Компания жолаушыларға сапар алдында билет құнын және жеңілдіктің нақты қолданылу шарттарын тексеруді ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61