ДАМУ

Астана жылына 6 млн турист қабылдауға дайын

Астана жылына 6 млн турист қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда елордаға жыл сайын шамамен 1,6 млн саяхатшы келеді. Оның 400 мыңға жуығы – шетелдік туристер, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

 

Мамандардың пікірінше, елорданың туристік әлеуеті қазіргі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты қалада туристер ағынын арттыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.

Негізгі бағыттардың бірі – халықаралық әуе қатынасын кеңейту. Бүгінде Астанадан 22 мемлекетке тікелей әуе рейстері орындалады. Халықаралық бағыттардың көбеюі шетелдік туристер үшін елордаға келуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қалада жаңа туристік нысандар салу және қолданыстағы инфрақұрылымды дамыту жоспарланған. Олардың қатарында демалыс орындары, мәдени және ойын-сауық нысандары, туристерге қызмет көрсету орындары бар.

Қала әкімдігінің мәліметінше, туристік инфрақұрылымды жетілдіру мен көлік қатынасын кеңейту Астананың халықаралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Елордаға келетін туристер санының өсуі қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік және қызмет көрсету салаларының дамуына да әсер етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61