ҚОҒАМ

Қазақстанда газдандыру деңгейі 80%-ға жеткізіледі

Қазақстанда халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл үшін жаңа магистральдық газ құбырларын салу және өңірлердегі газ тарату желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Негізгі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында «Ишим – Астана», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі және КС-14 – Қостанай газ құбыры бар.

«Ишим – Астана» жобасы елорданы газбен тұрақты қамтамасыз етуге және солтүстік өңірлерді газдандыру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Ал «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі оңтүстік өңірлердің газға деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қостанай облысын газбен қамтуды арттыру үшін КС-14 – Қостанай магистральдық газ құбырын салу көзделген. Жоба өңірдегі елді мекендерді газға қосу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Газдандыру жұмыстары Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды және басқа да облыстарда жалғасады. Өңірлерде газ тарату желілері салынып, жаңа елді мекендерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізіледі.

Жоспарланған жобалар толық іске асқан жағдайда табиғи газға қол жеткізетін халықтың үлесі артып, газ инфрақұрылымы дамымаған елді мекендерді қамту мүмкіндігі кеңейеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61