СПОРТ
Қазақстандық спортшы Рита Бакишева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: olympic.kz
Жарыстың 1/8 финалында Рита Бакишева Иордания өкілі Мұхаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда қазақстандық спортшы Үндістаннан келген Кашиш Маликпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осы нәтижеден кейін Бакишева жартылай финалға жолдама алды.
Финалға шығу үшін өткен кездесуде ол Филиппин спортшысы Джус Габриэль Дерико Япеге қарсы өнер көрсетті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады.
Осы нәтижемен Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Қазақстандық спортшының бұл нәтижесі виртуалды таеквондодан ел қоржынына түскен алғашқы жүлделердің бірі болды.
Виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізілді. Жарыс цифрлық технологиялар арқылы спортшының қимыл-қозғалысын тіркеп, оны виртуалды жекпе-жек форматына айналдыруға негізделген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61