Weekend

Соғыс ардагері Қостанайдағы колониядан босап шықты

Жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Екінші Дүниежүзілік соғыстың 94 жасар ардагері Иван Сурков Қостанайдағы  қатаң режимді колониядан босап шықты. Ардагерге 2018 жылы тамыз айында әйелінің інісін өлтіргені үшін жеті жыл, кейін апелляциялық коллегия ықпалымен жазаны төрт жылға өзгерткен еді. 

Бірақ 94 жасар Иван Сурковты мерзімінен бұрын босатты. Назарға мына факторлар алынған: 

– денсаулық жағдайы (екінші топтағы мүгедектік, психикалық ауытқу);
– Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері;
– жауынгерлік марапаттары, медальдары;
– бұрынғы жұмыстастарының оң пікірлері.

Бастапқы сот үкімінде Иван Сурков әйелінің інісін тұрғын үй мәселесі бойынша өлтірген деп айыпталған еді.