СПОРТ

Төрехан Сабырхан Қазақстанға оныншы алтынды әкелді

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарында ел қоржынына оныншы алтын медальді салды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: olympic.kz

20 жастағы спортшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекке шығып, Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті.

Бірінші раундтан бастап Сабырхан жекпе-жек тізгінін өз қолында ұстап, қарсыласына қысым көрсетті. Қазақстандық боксшының соққылары дәл әрі нәтижелі болды. Ол кездесудің барлық раундында басымдық танытып, ұпай санын тұрақты түрде арттырды.

Екінші және үшінші раундтарда иорданиялық спортшыға ереже бұзғаны үшін бір-бірден айып ұпайы берілді. Бұл Сабырханның басымдығын одан әрі күшейтті.

Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің барлығы Қазақстан өкілінің жеңісін тіркеді. Төрехан Сабырхан 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл медаль Қазақстанның 2026 жылғы Азия ойындарындағы оныншы алтыны болды. Сонымен қатар Сабырхан ел құрамасына бокс спортынан алғашқы алтын жүлдені әкелді.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61