ДЕНСАУЛЫҚ
Соңғы екі жылда Қазақстанда медициналық қызмет көрсету кезінде денсаулығына немесе өміріне зиян келген пациенттер мен олардың отбасыларына 502,6 млн теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: iStock
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі бойынша пациенттерге өтемақы төленуде. Жүйе 2024 жылдың қазан айында енгізілген.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, сақтандыру қорғанысымен 178 296 медицина қызметкері қамтылған. Оның ішінде 155 856 маман мемлекеттік, 22 440 медицина қызметкері жеке клиникаларда жұмыс істейді.
2026 жылдың басынан бері 1 867 сақтандыру шарты жасалып, оның негізінде 112 төлем жүргізілген.
Өтемақы алу үшін пациент немесе оның заңды өкілі медициналық ұйымға өтініш береді. Сақтандыру жағдайын тәуелсіз сараптамалық комиссия қарайды. Оның құрамына бейінді мамандар, медициналық қауымдастық өкілдері және сақтандыру компанияларының қызметкерлері кіреді. Оқиға болған клиниканың қызметкерлері комиссия жұмысына қатыспайды.
Егер сақтандыру жағдайы расталса, өтемақыны сақтандыру компаниясы төлейді. Ал медицина қызметкерлерінің сақтандыру жарналарын медициналық ұйымдардың өзі толық өтейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61