САЯСАТ

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар тағайындау жасалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі және Президент Әкімшілігінде бірқатар жаңа тағайындау болды, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жасанды интеллект

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Азамат Хасенов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды.

Ал Азамат Есқараев ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті.

Осы тағайындауға байланысты Есқараев Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Сонымен бірге ол Бангладеш Халық Республикасы, Бутан Корольдігі, Мальдив Республикасы және Непалдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметтерінен де босатылды.

Жаңа тағайындаулар Мемлекет басшысының тиісті өкімдерімен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61