ҚОҒАМ
Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің маңындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: жасанды интеллект
Оқиға А.Байтұрсынұлы көшесінде болған. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар оқиға орнына 7 минутта жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, автотұрақтағы көліктер бір-біріне жақын орналасқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір көліктен екіншісіне тез тараған.
Төтенше жағдай қызметінің мамандары өртті жедел оқшаулап, толық сөндірді. Оқиға орнында өрттің қайта тұтануына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізілді.
Өрттен бес жеңіл көлік зақымданды. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің нақты шығу себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты тиісті тексеру жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61