ТЕХНОЛОГИЯ

ТЭК-тегі жасанды интеллекттен жылына 23 млрд теңге экономикалық әсер күтіледі

Қазақстанның отын-энергетика кешеніне жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу жылына шамамен 23 млрд теңге экономикалық әсер беруі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ИИ

Digital Qazaqstan стратегиясы аясында Энергетика министрлігі 2029 жылға дейін үш негізгі бағыт бойынша 20 іс-шараны іске асыруды жоспарлап отыр.

Олар цифрлық егіздерді енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану және кибер-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарын қамтиды.

Министрдің айтуынша, аталған үш шешімді іске асырудан түсетін жиынтық экономикалық әсер жылына шамамен 23 млрд теңгені құрайды.

Жобалар энергетика саласындағы өндірістік процестерді цифрландыруға, олардың тиімділігін арттыруға және қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61