САЯСАТ
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары мәдениет және өнер саласының өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік наградаларды енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ақорда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжат Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.
Атап айтқанда, отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін «Шәмші Қалдаяқов» медалін енгізу ұсынылады.
Медаль музыка саласында жемісті қызмет атқарып, ерекше еңбек сіңірген азаматтарға берілмек.
Сонымен қатар бейнелеу өнерінде үздік туындыларымен танылған және Қазақстанның көркем мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын беру ұсынылып отыр.
Заң жобасы Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырманы орындау аясында әзірленген.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми Telegram-арнасында хабарланды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61