САЯСАТ

Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады

Құрылтай мәслихаттармен өзара байланысты күшейту мақсатында арнайы кеңес құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөз

Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Бұл бастама Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Президент көтерген өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы іске асыруға бағытталған.

Кеңес мәслихаттардың заңдарды әзірлеуге тұрақты қатысуын қамтамасыз етіп, қабылданған заңдардың өңірлерде қолданылуы бойынша кері байланыс жинайды. Сонымен қатар жергілікті жерлердегі проблемаларды анықтап, оларды жүйелі шешу үшін ұсыныстар әзірлейді.

Кеңес өңірлердегі тиімді тәжірибелерді зерделеп, оларды басқа аймақтарда таратуға да ықпал етеді.

Кеңес құрамына мәслихаттарда жұмыс істеу немесе олармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бар Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің депутаттары, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары кіреді.

Өңірлермен тұрақты байланыс орнату үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық құрылады. Әр депутатқа бес өңірден бекітіледі.

Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелерді талқылау үшін тақырыптық жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Олардың құрамына Құрылтай және мәслихат депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылады.
 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61