МӘДЕНИЕТ
Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножоба түсірілім тобының құрамындағы Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Ашық дереккөз
Кездесуді Ерлан Карин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткізді. Халықаралық киножоба түсірілім тобының құрамында танымал актер әрі режиссер Джеки Чан бар.
Кездесу барысында халықаралық кинематография саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық продюсерлердің қатысуымен бірлескен киножобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Ерлан Карин Қазақстанда креативті индустрияларды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Вице-президенттің айтуынша, Қазақстанда ірі халықаралық киножобалардың жүзеге асырылуы отандық киноиндустрияның дамуына, оның өсуіне және еліміздің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді.
Сонымен қатар Ерлан Карин Джеки Чанға Қазақстанға деген ерекше жылы ықыласы үшін алғыс білдірді.
Кездесу соңында ол түсірілім тобының барлық мүшелеріне шығармашылық табыс тіледі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61