МӘДЕНИЕТ
15 қазанда Алматыда BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы өтеді. Биылғы «Этика күші» тақырыбындағы форумға 25 елден ғылым, бизнес, технология және мәдениет салаларының өкілдері қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: BE WOMAN ASIA
Алматыдағы Республика сарайында өтетін форумда жасанды интеллект дәуіріндегі болашақ, технологияның қоғамға ықпалы және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселелері талқыланады.
Халықаралық спикерлер қатарында Рэнди Цукерберг – Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі әрі Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы, Пин Фу – Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан кәсіпкер, Шармин Обейд-Чиной – «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері, режиссер, сондай-ақ жасанды интеллект саясаты мен реттеу саласының сарапшысы Тити Акинсанми бар.
Форумда Орталық Азия өкілдері де сөз сөйлейді. Олардың қатарында ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақстандық әйел Данна Карагусова, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Диляра Қайдарова, қоғам қайраткері Ләззат Қалтаева, Ferragamo сән үйінің аға дизайнері Абзал Исабеков және EdTech платформасының негізін қалаушы Әсел Амангелді бар.
Сонымен қатар Өзбекстаннан Шохида Ибрагимова, Тәжікстаннан Нафиса Имранова және Қырғызстаннан Эрке Жұмақматова қатысады.
Форумның негізгі бағыттары – жасанды интеллект, көшбасшылық, білім беру, денсаулық, кәсіпкерлік, мәдениет және инклюзия.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, негізгі бағдарламаға 3 мыңнан астам қатысушы жиналады. 16 қазанда іс-шара воркшоптар, менторлармен кездесулер және дөңгелек үстелдер форматында жалғасады.
BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы 15-16 қазан күндері Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61