МӘДЕНИЕТ
15 қазанда Алматыда өтетін BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі Рэнди Цукерберг қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Psychologies
Рэнди Цукерберг – Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы. Ол форумның халықаралық спикерлері қатарында сөз сөйлейді.
Рэнди Цукербергтің тәжірибесі технология, медиа және цифрлық жобалармен тығыз байланысты. Ол Facebook Live жобасын дамытуға қатысқан мамандардың бірі ретінде BE WOMAN ASIA форумының халықаралық спикерлерінің қатарында болады.
Форумда Рэнди Цукербергпен бірге технологиялар мен жаңа индустриялардың дамуына үлес қосқан халықаралық сарапшылар да сөз сөйлейді. Олардың тәжірибесі заманауи интернеттің қалыптасуынан бастап жасанды интеллект дәуіріне дейінгі өзгерістермен байланысты.
Биылғы форум «Этика күші» тақырыбына арналған. Іс-шарада жасанды интеллект дәуіріндегі болашақ, технологияның қоғамға ықпалы және шешімдер үшін жауапкершілік мәселелері талқыланады.
Форумға 25 елден ғылым, кәсіп, технология және мәдениет салаларының көшбасшылары қатысады. Олардың қатарында Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан Пин Фу, «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Шармин Обейд-Чиной және AI саласындағы халықаралық сарапшы Тити Акинсанми бар.
Негізгі бағдарлама 15 қазанда Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Ұйымдастырушылар 3 мыңнан астам қатысушы жиналатынын хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61