Bugin

BE WOMAN ASIA 2026: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады

Алматыда өтетін BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумына технология, кино, кәсіпкерлік және жасанды интеллект саласында танылған әлемдік сарапшылар қатысады. Олардың қатарында Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі Рэнди Цукерберг те бар.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ЖИ 

Форумның халықаралық спикерлер тізіміне мына есімдер енген:

Рэнди Цукерберг – Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі әрі Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы;

Пин Фу – Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан кәсіпкер және технология саласының көшбасшысы;

Шармин Обейд-Чиной – «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері, режиссер;

Джо Мэлоун CBE – британдық парфюмер, Jo Loves брендінің негізін қалаушы;

Тити Акинсанми – жасанды интеллект саласындағы саясат пен реттеу мәселелері бойынша халықаралық сарапшы;

Аюми Мур Аоки – Women in Tech Global ұйымының негізін қалаушы;

Кьяра Корацца – G20 EMPOWER бастамасының Франция өкілі.

Спикерлердің кәсіби тәжірибесі заманауи интернеттің қалыптасуынан бастап жасанды интеллект дәуіріне дейінгі технологиялық және қоғамдық өзгерістермен тығыз байланысты.

BE WOMAN ASIA 2026 форумы әйелдердің көшбасшылығы, кәсіпкерлік, технология және қоғамдағы мүмкіндіктері туралы халықаралық тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61