Bugin

Төлеби аудандық соты жаңа ғимаратқа көшті

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған Төлеби аудандық сотының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді. Оның жалпы ауданы – 1 028 шаршы метр.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан соттары

▪️ Ғимаратта үш сот отырысы залы, медиация кабинеті және азаматтарға қызмет көрсетуге арналған фронт-офис бар. Қозғалысы шектеулі азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған.

▪️ Жаңа ғимарат заманауи аудио-бейнежазба, ақпараттық және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықталған.

▪️ 1981 жылы салынған бұрынғы ғимараттың ауданы небәрі 575 шаршы метр болған. Ол қазіргі талаптарға сай келмей, сот жұмысына және келушілерге қолайсыздық туғызған.

Жаңа ғимарат сот төрелігінің қолжетімділігін арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61