Bugin

BE WOMAN ASIA 2026: Форумға әлемдік деңгейдегі көшбасшылар жиналды

BE WOMAN ASIA форумы танымал тұлғалардың басқосуымен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды дамыту және бірлескен жобаларға жол ашу.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ЖИ

Форум спикерлері қатарында «Обнажённые сердца» қорының негізін қалаушы Наталья Водянова, Zuckerberg Media негізін қалаушы Рэнди Цукерберг, екі мәрте «Оскар» алған режиссёр Шармин Обейд-Чиной, кәсіпкер Пинг Фу және басқа да халықаралық сарапшылар бар.

Орталық Азия атынан Данна Карагусова, Диляра Қайдарова, Ләззат Қалтаева, Абзал Исабеков, Әсель Амангелді сынды тұлғалар қатысады.

Форум бағдарламасында сарапшылардың баяндамаларымен қатар, шеберлік сабақтары, менторлық кездесулер және өнер көрсетілімдері қарастырылған. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жаңа байланыстар орнатып, идеяларын нақты жобаларға айналдыруына мүмкіндік жасауды көздейді.

BE WOMAN ASIA-ның негізгі идеясы – сахнадағы сөзді нақты әрекетке ұластырып, қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал ету.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61