ҚОҒАМ

Пәкістанда мектеп шатыры құлап, 34 оқушы мен мұғалім қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысындағы жекеменшік мектепте шатырдың құлауынан кемінде 34 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап хабарлады.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оқиға 15 қазан, бейсенбі күні Пешавар қаласында, Хайбер-Пахтунхва провинциясының астанасында болды. Зардап шеккендер саны 50-ден асты, олардың үшеуі ауыр халде жатыр. Қаза тапқандардың арасында 12 қыз бала бар.

Мектептің шатыры сыныпта отырған оқушылардың үстіне құлап, екі қабатты басып қалған. Билік өкілдерінің айтуынша, шатыр ескі болған және құрылыс жұмыстарына байланысты артық салмақ түскен. Мектеп иесі ұсталып, тергеу басталды.

Сондай-ақ нөсер жауын да апатқа себеп болуы мүмкін екені айтылды, алайда оқиғаның нақты себебі әлі анықталып жатыр.

Құтқарушылар үйінді астында қалған барлық тірі адамды алып шыққан, іздестіру-құтқару жұмысы төрт сағатқа созылды.

Пәкістанда ғимараттардың құлауы жиі кездеседі, өйткені елде құрылыс талаптары толық сақтала бермейді. Көптеген нысан сапасыз материалдан салынып, шығынды азайту үшін қауіпсіздік ережелері еленбей жатады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61