СПОРТ
Қазақстандық пауэрлифтер Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол 54 келіге дейінгі салмақта Азия рекордын жаңартты.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Дегтярев есепке алынған сайысында 191 келі көтерді. Қытайлық Ян Цзинлан 189 келімен екінші орын алса, индонезиялық Хилман 165 келімен үшінші болды.
Қазақстандық спортшы Пара Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Ол Ханчжоуда өткен 2022 жылғы жарыста алтын, ал 2018 жылы Джакартада күміс медаль алған. Дегтярев Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиадасында да жеңіске жеткен.
Дегтяревтің алтыны Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы Пара Азия ойындарындағы екінші алтын болды. Бұған дейін нысана көздеуден Еркін Ғаббасов топ жарған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61