СПОРТ

Ибрагим Нұрмаханұлы Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық парадзюдошы 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Кемран Нуриллаевты ұтты.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]
Фото: Tengrinews

J2 санатындағы шешуші белдесу негізгі уақытта тең аяқталып, жеңімпаз «Алтын ұпай» кезеңінде анықталды. Нуриллаев қарсыласын татамиден ығыстыруға тырысқан сәтте Нұрмаханұлы тепе-теңдігін сақтап, оны шалқасынан түсірді. Төреші иппон беріп, жеңісті қазақстандыққа жазды.

2025 жылғы қарашада Астанада өткен Азия чемпионатында Нұрмаханұлы алтын алған. 2026 жылғы мамырда Астанадағы IBSA Judo Grand Prix турнирінде де топ жарды, ал шілдеде Бразилиядағы халықаралық жарыста тағы бір алтын медаль жеңіп алды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61