ӘЛЕМ

Иран парламенті Мехрдад Ахлагиді қорғаныс министрі етіп бекітті

Ол 277 депутаттың 237-сінің қолдауына ие болды. Ахлаги Азиз Насирзаденің орнына тағайындалды.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]
Фото: Egemen Qazaqstan

Иран парламентінің мемлекеттік телеарна таратқан мәліметіне сәйкес, депутаттар Мехрдад Ахлагидің Қарулы күштердің қорғаныс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету министрі қызметіне кандидатурасын қолдады.

Ахлаги 28 ақпанда қақтығыс басталған күні қаза тапқан Азиз Насирзаденің орнына келді. Сол күні Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен бірнеше жоғары лауазымды әскери қолбасшы да қаза тапқан. Жаңа министр АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен шабуылы басталғаннан кейін сегіз айға жуық уақыт өткенде тағайындалды.

Ахлаги Қорғаныс министрлігінде 42 жыл еңбек еткен, ал 2013 жылдан бері Қорғаныс өнеркәсібі ұйымын басқарған. 2007 жылы БҰҰ баллистикалық зымырандар бағдарламасына немесе ядролық қызметке қатысты айыптауларға байланысты оған санкция енгізген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61