Спорт
Үш ойыншының қанжығасы "Алтын бутсымен" майланды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Ливерпуль" шабуылшылары Мұхамед Салах пен Садио Мане, сондай-ақ, "Арсенал" сұрмергені Пьер-Эмерик Обамеянг 2018/19 жылғы Англия біріншілігінің үздік сұрмергені атағын бөлісті.
Үшеуі де осы ұлттық біріншілік маусымында 22 гол соққан. Осылайша 1998/99 жылғы маусымнан бері алғаш рет бірден үш ойыншы "Алтын бутсы" иегері атанды, – деп хабарлайды АПЛ баспасөз қызметі.
20 жыл бұрын бұл жүлдені Майкл Оуэн, Джимми Флойд Хасселблайнк және Дуайт Йорк жеңіп алған болатын. Олардың әрқайсысы ойын маусымында 18 голдан соққан еді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61