Экономика

Үндістандықтар Түркістан облысында тау-шаңғы курортын салады

Түркістан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Алматы қаласында «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари жəне атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездесті. Сондай-ақ, аталған басқосуға "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өкілдері мен ҚР Үнді еліндегі төтенше және өкілетті елшісі Болат Сарсенбаев қатысты.

Кездесу барысында М.Мырзалиев Түркістан облысындағы бірқатар қолжетімді жобаны таныстырып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен қазіргі тұрмыс-тіршілігі жайында толыққанды ақпарат берді.

Түркістан облысының мүмкіндіктерінен хабардар болған «Chaudhary Group (CG Global)» компаниясының өкілдері бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, қонақтар «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салып, соған лайық қонақ үйлер мен инфақұрылым жүйелерін жасамақ. Жобаны жүзеге асыру үшін Испания немесе Швейцариядан тәжірибелі мамандарды тартуды көздеуде.