Экономика
Әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен ұлғайтатын заң күшіне енді
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 14 маусымдағы заңына сәйкес, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2018 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен ұлғайтатын заң күшіне енді.
Жаңа заң бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұзартылады. Он жылда жыл сайын 6 айдан қосыла отырып, әйелдер 2027 жылдан бастап зейнетке 63 жаста шығатын болады. Мәселен, 1960 жылғы 15 қаңтарда туған әйел адам 58 жас 6 айға жеткенде 2018 жылдың 15 шілдесінде, 2018 жылы 58 жасқа толған әйел зейнетке 58,5 жасқа толғанда шығады. Егер әйел 1960 жылы 15 шілдеде дүниеге келген болса, оның зейнеткерлік жасы (алты айды қосқанда 2019 жылы 15 қаңтарда шығады) – 59 жас болады.
Зейнеткерлікке шығуға қажетті құжаттарды ХҚКО қабылдайды.
Егер құжаттарда бір әріптен қате кетсе, барлық құжаттарды қайта қаралады.
Балаларыңыздың туу туралы куәлігіндегі аты-жөніңіздің дұрыс толтырылуын тексеріп, бірізге түсіріп қойған дұрыс.
Зейнетақы еңбек өтілі бойынша есептеледі.
Ол үшін 1998 жылдан бастап зейнетақы жинақтаушы қорындағы жарна мен еңбек өтілі есепке алынады.
2018 жылдан бастап жиналған жарна бөлініп төленеді. Әйелдердің зейнетке шығу жасы:
2018 жылдың 1 қаңтарынан – 58,5 жас;
2019 жылдың 1 қаңтарынан – 59 жас;
2020 жылдың 1 қаңтарынан – 59,5 жас;
2021 жылдың 1 қаңтарынан – 60 жас;
2022 жылдың 1 қаңтарынан – 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан – 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан – 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан – 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан – 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан – 63 жаста.
Біле жүріңіз… Ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Көпбалалы аналар бұрынғысынша 53 жасында, 1949-1963 жылдары Семей полигонында кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жаста, ер адамдар 50 жасында зейнеткерлікке шығады. Олардың зейнеткерлік жасы көтерілмейді.
Дереккөз: aikyn.kz