Weekend
Мұсылман әйелдің еңбегі бағаланды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Оман жазушысы Джоха Аль-Харти 2019 жылғы Халықаралық Букер премиясының лауреаты атанды. Бұл туралы Лондондағы Roundhouse концерт залында өткен ресми іс-шара кезінде жарияланды.
Аль-Хартидың кітабы "Аспан денелері" деп аталады. Бұл кітапта омандық отбасының тарихы баяндалады. Аль-Харти 50 мың ағылшын фунтын, өзінің еңбегін аударған Мэрилин Бутпен тең бөліседі.
"Мен қазылар алқасына разылығымды айтып, ең алдымен Мэрилин Бутқа "Аспан денелерінің" керемет аудармасы үшін алғыс айтқым келеді", – деді осман жазушысы.
"Оның нәзік өнері біздің ортақ тарихымыздың қауіпті аспектілері болып табылатын, уақыт пен өлімнің терең сұрақтарын шешуге ашық қиялдан құралған қоғамға еліктіреді", – деді жеңімпазға сыйлықты табыстаған британ тарихшысы және тележүргізушісі Беттани Хьюз.
Джоха Аль-Харти – оман жазушысы және ғалымы. Ол Оманда және Ұлыбританияда білім алған. Эдинбург университетінде классикалық араб әдебиеті бойынша докторлық дәреже алған.