Саясат

Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне қандай тапсырма берді?

ҚР Президенті Асқар Мырзахметовті қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады. 

ҚР Президентінің ресми сайтының мәліметінше, мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына басымдық беру керек екенін атап өтті.

– Облыс басшылығынан аталған мақсаттарға жету бағытында бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысын одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.