Weekend

Гарри Поттер жалғасын табады

Сиқыршы жігіт туралы тағы 4 кітап шығады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Британдық жазушы Джоан Роулинг Гарри Поттер жайлы төрт жаңа кітапты ғаламторда жариялайтын болды.

"Британдық кітапханадағы көрме желісі және "Гарри Поттер: сиқыр тарихы" бойынша кішігірім электронды кітаптардың жаңа сериясымен сиқырдың бай әлеміне тереңірек саяхат жасауға дайын болыңыздар", – деп жазылған Pottermore сайтында.

Хогвартстағы пәндердің аттарымен аталатын  төрт кітаптан құралған серия, кітап сүйер қауымға "Гарри Поттер тарихының негізінде жатқан дәстүрлі фольклор мен сиқыр жайлы білу үшін өткенге оралуға мүмкіндік береді".

Алғашқы екі басылым 27 маусымда жарық көреді. 

Джоан Роулинг Гарри Поттер жайлы жеті кітап жазды. Бұл кітаптар 1997 жылдан 2007 жылға дейін жарық көріп, 65 тілге аударылған. Серияның жалпы тиражы 400 млн данадан асып кеткен.