Денсаулық

Әдемі қартаю

Ақылды қария - ағынды дария

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Адам ағзасының қартаюы – жалпы биологиялық емес, сондай-ақ психологиялық өзгерістермен қатар жүретіні белгілі. Статистикалық мәліметтер бойынша, қарт жастағы адамдарда ақыл белсенділігінің төмендеуі (алжуы, ұмытшақтық ауруы) жылдан-жылға артып келеді.

Ал қазіргі кезде, біздер үшін – технология ойланатын мына заманда, біздің қартаюымыздың өзі қорқынышты сияқты...

106 жасына дейін сергек өмір сүрген жапондық дәрігер Сигаэки Хинохаре бақытты әрі ұзақ өмір сүру жүйесін әзірлеп, бірнеше кітаптар арнаған. Оның базасында Жапонияда жапондықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жасалған. «Өмір сүру шеберлігі» кітабының авторы өмірінің соңына дейін «біздің өміріміз – бұл ең алдымен жасампаздық» деген сенімді ұстанып, өз мысалында белсенді ұзақ өмір сүру қоршаған ортаға оң көзқараспен қарау, күнделікті өмір салтына тікелей байланысты екенін дәлелдеді:

Өз жасын ұмытқан (елемеген) адам – ақымақ. Әр жастың өз кезеңдері, міндеттері бар. Қартайған шақта ақыл-санаңыздың дұрыс болғанын қаласаңыз, балалық шақтан бастау қажет.

Ұзақ өмір сүргің келе ме? Өмірді қиын түрінде қабылдамаңыз.

Күлкі – ең мықты емші.

Өткенді еске түсірмеңіз, өмірдің жаңа ырғағына еніңіз.

Тек құрдастарыңызбен ғана емес, сондай-ақ жастарменде дос болыңыз. Себебі жастар бүгінгі күнмен өмір сүреді. Бұл тұстың өзіндік мәні бар.

Энергия тамақтан немесе ұйқыдан емес, жақсы көңіл-күйден келеді.

Салауатты өмір салтының теорияларына тым сүйенбеңіз.

Жыл сайын дәрігерге барып қаралыңыз, бірақ медицинаға толық сенім артпаңыз.

Өміріңізді тым жайлы етпеңіз.

Физикалық белсенді болыңыз.

Жұмыс істеуді тоқтатпаңыз. Кем дегенде, 70 жастан ерте емес.

Тым болмағанда, қарттықты әлсіз денемен, бірақ мықты ақыл-санамен қарсы алған жақсы.

Шынымен, өмір сүре білу – үлкен өнер. Біз күнделікті күйбең тіршілігімізге тәуелдіміз. Қоршаған ортаға тәуелдіміз. Материалдық, биологиялық, физикалық қажеттіліктерге көп көңіл бөліп, психолгиялық, яғни, ақыл-санамыздың болашақта дұрыс болуына мәнде беріп, ойланыпта жатпаймыз. Қарттарымыздың «О, Алла, ақылымнан алжастырмай ала гөр» деп айтулары да осы себептен. Әдемі қартаю да бір бақыт. Келешек ұрпағымызға «Ақылды қария – ағынды дария» болу үшін, өзімізді бүгіннен «тұлғалық өсуге» бейімдеуіміз керек.