Саясат

Молдова президенті кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады

Кишиневтен жаңалық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Кишиневтен жаңалық: Молдованың уақытша президенті және премьер-министрі Павел Филипп маусымның 9 күні  парламентті тарату туралы бұйрыққа қол қойды, және парламенттік сайлау 6 қыркүйекте алдын ала өткізілетінін жариялады.

Молдова ақпаратыныңмаусымның 9 күнгі хабарлауынша, Молдова Конституциялық соты осы күні таңертең Додонның президенттік қызметін тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдаған. Конституцияға сәйкес, премьер-министр Филипп уақытша президенттік билікті қолына алған. Іле-шала Филип парламентті тарату туралы жарлыққа қол қойды.

Молдова биылғы жылдың 24 ақпанында парламенттік сайлау өткізіп, бірде-бір партия абсолютті басымдылыққа ие бола алмаған еді, Бұл туралы келіссөздер де талас-тартысқа толы болды.

Молдовада екі үкіметтің пайда болуына байланысты ондағы саяси жағдай да бей-берекеттік орын алған-ды. Осы айдың сегізінші жұлдызында Социалистік партия менеуропашыл топ ACUM бірлескен үкімет құру туралы жариялаған еді, әрі социалистік партияның басшысы Зинида Гракани көп дауыстық басымдылықпен жаңа спикер болып сайланған. Ал еуропашыл топ ACUM-нің жетекшісі Майя Сандуды президент премьер-министр болуға кандидаттыққа ұсынды, ал Санду басқарған жаңа үкімет кейінірек парламенттің мақұлауынан өтті әрі ант беріп жұмысын бастады.

Алайда, Молдова Конституциялық Соты спикердің сайлануы мен премьер-министрдің кандидатурасын мойындамай, парламенттің аталған шешімдерінің күшін жоятынын жариялады. Оған себеп, қазіргі парламент 6 маусым күні, яғни жаңа парламент құрылғаннан бастап 90 күн ішінде бірлескен үкіметті жасақтап бола алмаған, сондықтан президент парламентті таратып,кезектен тыс сайлау жүргізу керек делінген. Сонымен қатар тағы бір үлкен партия саналатын демократиялық партияның басшысы Прахуткук  социалистік партия мен еуропашыл топ ACUM-нің әрекеттері «төңкеріс» ке жатады, Молдоваға саяси тығырықтан шығыудың жалғыз жолы кезектен тыс сайлау деп мәлімдеді.

24-ші ақпанда өткен Молдовадағы парламенттік сайлауда Социалистік партия парламенттен 35 орынды, Демократиялық партия 30 орынды, Еуропашыл топ  26 орынды, Саэр партиясы 7 орынды және тәуелсіз кандидаттар 3 орынды иеленген болатын. Сайлаудан кейін билікке келген Демократиялық партия сайлау нәтижесіне қанағаттанатынын білдірді, бірақ еуропашыл топ ACUM сайлау барысында алаяқтық орын алғанын айтты, социалистік партия да дауыс беру нәтижесіне күмән келтірді. Ал 9 наурызда Молдова Конституциялық Соты сайлаудың нәтижелері жарамды екенін растаған еді.