Саясат

«Уәде бермей, бірден іске кірісу қажет» Тоқаев заманауи сын-қатерлер туралы пікір білдірді

Алда қандай өзгерістер болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы өзгерістер мен заманауи сын-қатерлер туралы пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта технологиялар мен экономика, әлеуметтік тәртіп, азаматтарыдң көзқарасы өзгеріп барады. Әсіресе, жастардың көзқарасы. Қазақстанның алдында жаңа тегеуріндер мен қауіптер тұр. Жылдар бойы халықаралық саясатпен айналысып келе жатқан мен жаңа дәуірдің келе жатқанын айқын сезінемін. Сауда соғыстары мен халықаралық қарым-қатынастың шиеленісі, бұрынғы қауіпсіздік механизмдерінің бұзылуы, өңірлік шиеленістердің көбеюі - барлығы жаңа геосаяси шынайылық. Алдағы бірнеше жылда заманымыздың ең басты мәселесі шешіледі. Қандай елдер прогреске ілесіп кете алады, қандай елдер әлемдік дамудан тыс қалады?», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресс - біздің заманауи сын-қатерлерге жалғыз дұрыс жауабымыз болмақ. 

«Біз әлемге ашықпыз, үздік жетістіктерге, үздік технологияларға  талпынамыз. Ел игілігіне арналған жасампаз өзгерістер - менің прогрестегі түсінігім осы. Сонымен бірге, билік халықтың сұранысын естуі қажет, туындаған мәселелерді сол жерде шешіп, азаматтар алдында тұрақты есеп беруі тиіс. Уәде бермей, бірден іске кірісуі қажет. Бұл қағиданы үкіметтің барлық мүшелері мен әкімдер ұстануы керек», - деді Президент. А

йта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау  рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді.  

inform.kz