Саясат
Жаңадан сайланған президент мәлімдеме жасады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Жас ұрпаққа арнайы айтатын сөзім бар. Сіздер Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарасыздар. Прогрестің қозғаушы күші боласыздар. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. "Жастар – ел тірегі" атты арнайы жоба іске қосылды. Біз жастардың бизнес бастамаларын іске асыруға арналған "Жас кәсіпкер" бағдарламасын қолға алдық. Жастардың StartUp-тарын қолдай береміз", - деді Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде.
Оның айтуынша, алдағы уақытта жастардың жұмысқа орналастыру бағдарламалары енгізіледі.
"Сіздер ең үлкен армандарыңызды іске асыруларыңыз қажет. Бұл – менің басты міндетім. Жас әрі дарынды басшыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жоғарылату мақсатында президенттік кадрлық резерв жасақталады. Біздің жастарымыз еңбекқор, креативті, өз мақсатына жетуді біледі. Сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда", - деп атап көрсетті Тоқаев.