Саясат
Мұнай бағасы күрт өсті
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Норвегиялық және жапондық танкерлер шабуылға ұшырады.
Оқиға 13 маусымның таңғы уақытында орын алған. Тайваньдық CPC Corp пайдаланушы компаниясының ақпараты бойынша, норвегиялық Front Altair танкеріне торпедамен соққы жасалған, екінші танкер — жапондық Kokuka Courageous — танкерінің зақымдануы жайлы мәлімет жоқ.
Front Altair Тайвань CPC Corp мемлекеттік компаниясы үшін тапсырыс орындап, 75 мың тонна нафтаны (мұнай өңдеудің жанама өнімі), ал Kokuka Courageous — метанол тасымалдаған. Норвегиялық танкердегі өнім құны - 30 миллион долларға бағалануда.
Associated Press АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бесінші флотының танкерлерге шабуыл жасалғаны туралы хабардар деп хабарлайды. Әскери-теңіз күштері танкерлерге көмек көрсетуде.
Кімнің шабуыл жасағаны әзірге белгісіз.