Саясат

Елбасы: Горбачев пен Ельцин маған премьер-министр болуды ұсынған

Сонымен қатар, ол Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қолға алған маңызды мәселенің бірі Семей сынақ полигонын жабу болғанын айтып өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Совет одағы ыдырамай тұрып Горбачев пен Ельцин маған премьер-министр болуды ұсынды. "Егер келіскенде жағдай қалай болар еді" деп әлі күнге дейін бұл туралы айтып, талқылап жатады. Оны талқылау қиын, біз қазір басқа жолдамыз. Мен ол кезде өмірімдегі ең маңызды шешімді қабылдадым. Содан бері менің басты міндетім елімнің тағдыры болды. Бұл туралы Елбасы Алматыда өтіп жатқан конференция кезінде айтты.Елбасы "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты конференция барысында сөз сөйлеу кезінде Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарындағы жағдайларға тоқталып өтті.

"1989 жылы 15 одақ елдерінде 100 этнос өкілдері өмір сүріп жатты. Совет одағы құлаған кезде әр мемлекетте этникалық қақтығыстар орын алып жатты.  Қарабақта, Тбилисиде, не болғаны әлі есімізде. Тәуелсіздіктің алдында Тәжікстанда азаматтық соғыс басталып жатты, онда 80 мың адам құрбан болды. Шетелдік сарапшылар Қазақстанда да этникаларлық қақтығыстар болады деп болжаған, алайда оны шешу жолын ешкім білмеді. Сонымен қатар, Қазақстан демографиялық құлдырау алдында тұрды. 1989 жылы қазақтар өз жерінде халықтың тек 39% құрады, бұл 6 миллионнан асатын халық. Тәуелсіздікті жариялаған кезде осы залда 44% басқа ұлт болатын. Мектептердің тек 30% ғана қазақ тілінде білім беретін. Алматыда тек бір мектеп қана болды",- деді Н. Назарбаев. 

Сөз арасында Елбасы қиын кезеңдегі жағдай Қазақстаннан көптеген халықтың имиграция жасауына әкелгенін айтты. 

"Мұның арты халықтың 10% азаюына әкеп соқты. 1999 жылғы халық санағына сүйенсек елімізде 14 миллиондай халық тұрып жатты. Тағы бір мәселе технологиялық жағынан артта қалу болды. Еліміз шикізатқа қаншалықты бай болғанымен технологиямыз оны игеруге қауқарлы болмады. Қазақстандағы өндірістік орындардың 93% Мәскеудегі орталыққа бағынышты болды. 1990-1991 жылдары біз жеріміздегі өндіріс орындарын қайтару жұмыстарын жүргіздік. Бұл тұста оны басқару тәжірибеміздің жоқтығымен бетпе-бет келдік", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қолға алған маңызды мәселенің бірі Семей сынақ полигонын жабу болғанын айтып өтті.

Дереккөз: Baq.kz