Экономика
Ұлттық банк төрағасының мәлімдемесі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Елімізде құрылатын қаржы нарығын реттейтін агенттікке Ұлттық банктің 500 қызметшісі ауысады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Парламент Сенатының жалпы отырысында мәлімдеді.
"Ұлттық банктің 1200 қызметкерінің 500-ін жаңа агенттікке көшіреміз. Бюджет комиссиясы бізге берген қаржысы - 10 млрд теңге, оның ішінде еңбекақы - 9 млрд дейін. Қаржы саласында орташа айлыққа қарасаңыздар, Ұлттық банк ішінде екі есе төмен төлеп отырмыз. Біздің жалақымыз - 770 мың теңге. Нарыққа қарағанда олардың жалақысы 530-540 мыңға жетіп отыр. Банктегі активтер - 25 трлн теңге, сақтандыру компанияларының активтері - 1 трлн теңге, соған қарайтын адамдардың жалақысы Ұлттық банктегідей болуы керек", - деп айтты ол Сенаттың жалпы отырысында.