Саясат

Арыстағы жарылыс: Статистика сөйлейді

2 адам қайтыс болып, 19 үй толығымен өртенген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]
  • 24 маусым, 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада қару-жарақ пен оқ-дәрі жарылды.
  • 09:20  таңғы сағатта қоймадағы жарылыс туралы ақпар өртке қарсы қызмет пультіне келіп түскен. Жарылыс соңы алапат өртке ұласқан.
  • 165 адам медициналық көмекке жүгінген.  89 адам ауруханаға жатқызылған. Оның ішінде 76 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар амбулаториялық емделуге жіберілген. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 18 бала, 13 жүкті әйел, сондай-ақ 5 жаңа босанған әйел бар.
  • 41 мыңдай адам қаладан шығып кеткен: 39 мыңы өз бетімен шықса, 2815-і эвакуацияланды.
  • 2 адам қайтыс болды.
  • 19 үй толығымен өртенді.
  • Ауылдар мен аудан орталықтарда 22 эвакуациялық пункт ашылды.
  • 7600 үй терезеден айырылып, тұрғын үйлердің 80-85% зақымданған.
  • 3 жергілікті тұрғын қарақшылық фактісімен ұсталды.
  • 8 (7252) 44-94-72. Тәулік бойы Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істеді.
  • 363 адам және 40 бірлік техника төтенше жағдай салдарын жоюға жұмылдырылды.
  • Қоғамдық тәртіпті сақтап, эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзету үшін Арыс қаласына полиция қызметкерлері тартылды. Жалпы, жеке құрамның 463 қызметкері мен Ішкі істер министрлігі бөліністерінің 53 техникасы Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсетуде.
  • Мұның ішінде 193 қызметкер және 23 техника азаматтық қорғау органдарына тиесілі. Сондай-ақ, 270 қызметкер мен 30 техника полиция бөліністерінен тартылды.
  • Қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінен 500 жауынгер аттанды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61