Театр сүйген жастар

Театр – өмір айнасы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елімізде Жастар жылының жариялануы Мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Осы орайда бірнеше істер атқарылып  жатыр. Соның бір дәлелі Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің актерлік мамандығының 2 курс студенттерінің бастамасы. Жастар жылы аясында Батыс Қазақстан облыстарында гастрольдік сапар жасау, киелі сахнаға қойылым көрсету екінің қолынан келетін дүние емес. Әдетте театр майталмандары шығатын мұндай сапарға 2 курс студенттерінің шығуы қалың жұртшылықты таңғалдыратыны анық.  Үлкен ізденіспен, қажырлы еңбек және ұстаздардың берген білімін жете пайдалана білу де үлкен жетістік. Ұстаз демекші бұл топтың жетекшілері, моральдық және рухани жағынан қолдау көрсетуші аналары бар. Ол-қазақтың Қыз Жібегі. Қазақ театры мен киноматографиясының майталманы Меруерт Өтекешова.  . Әйгілі актриса халыққа ең алдымен «Қыз Жібек» фильміндегі рөлімен танымал. Картинада басты кейіпкерді сомдаған ол халыққа қазақ қызының биік болмысын айқын жеткізе білді. Елдің еңбек сіңірген әртісі қазір кіші буынның кәсіби шындалуына күш салып келеді. Бастауын Орал қаласының киелі сахнасынан бастап, соңы мұнайлы өлкемізге келген болашақ актерларды Атырау жұртшылығы да жақсы қарсы алды. Қазақтың Қыз Жібегі Атырауға келді дегенді естіген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бірден келіп, жастарға ақ жол тілеп шымылдықты ашты.

Атырау қаласына ат басын тіреген жастар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Сол бір кез туындысын» сахналады.Жас өнер ұжымының режиссері профессор Бекболат Құрманғожаев. Студенттер балалық кез бен жастық шақтағы қызықты сәттерді суреттеді. Оқиға желісі өткен ғасырдың сексенінші жылдарына жетелейді. Балалық шақ расыменде ұмытылмайтын әдемі кезеңіміз. Ол тек естеліктерімен құнды. Достық, жетістік, армандарымыз, қиын санаған болмашы шақты ұмытпасымыз анық.  . Барлық адам алғашқы махаббатын ешқашан ұмытпайды. Өйткені, адам ол ғұмыр бойы есінде қалатын болғасын, тәтті естеліктері мен қызықты сәттерін жадында сақтайды. Алғашқының аты-алғашқы, ол қашанда ыстық. Бұл бала күндегі мектептегі махаббатымыз. Қойылымда Жарастың алғашқы махаббаты Шырынға деген сезімі ерекше үйлестірлген. Бірнеше жылдардан кейін олардың кездейсоқ кездесуі, бір-біріне деген сезімдерінің өшпегені ғажап суреттелді. Спектакльде түлектердің емтихан тапсырғандағы қызықты сәттері, айлы аспанның астында болашаққа деген армандарымен бөлісуі сахналанды. Бірі мал дәрігері боламын десе, бірі спортшы, бірі ауылда жылқышы боламын деп мақсат қоя білді. Ең бастысы туған жер, ауылды ұмытпайықшы деп уәде беріседі. Қойылым барысында жұмыс істеуші шығармашылық топ қойған мақсаттарына жетті десек артық айтқанымыз емес. Мұны көрерменнің ыстық ықыласынан анық байқауға болады.

Р/s: Балалық шағымыз, мектеп кезіндегі ұмытылмас алғашқы махаббатымыз, достығымыз, болашаққа деген арманымыз сол бір кездер-ай. Мектеп қабырғасында жүрген шақты сағынбайтын жан кемде-кем шығар. Кейде шаршап, алға қарай ұмтылғың келмегенде естеліктерге толы күндерді еске алатынымыз рас-қой. Көңіл-күйде бірден көтеріле қалатыныны. «Соңғы қоңырау» ол тек жаңа өмірге қадам басатын «алғашқы қоңырау» деп білемін.  Сондықтан сол бір кездерді еске түсірген болашақ ақтерларға мың алғыс! Шабыттана беріңдер Шабыт! Алға Қыз Жібек пен Төлегеннің балалары!