Саясат

Бюджеті үш есеге қысқартылған Астана күні тойланатын болды

Астана күнін тойлату аясында 100-ге жуық шара өтеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

6 шілдеде астананың 21-ші туған келе жатыр. Астана күнін тойлату аясында 100-ге жуық шара өтеді, оның 73-і халық үшін тегін болады.

«Жылда 300-ден астам шаралар өтетін. Биыл бюджетті оңтайландыру мақсатында шаралар саны қысқартылды. Ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді деген ірі OPEN AIR шарасы, басқа да шығыны көп шаралар кестеден алынды», - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

«Есеп бойынша, бұл 300-400 миллион теңге. Одан аспайды. Бұл өткен жылдардағы шығындарымыздан әлдеқайда аз. Бюджетті үш есеге қысқарттық», – деп қосты ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, Астана күнін тойлатуға тыйым салуға болмайды.

«Тойлауға толық тыйым салуға болмайды. Биыл баяғыдай аста-төк болып өтпейді. Астананың 21 жылдығы биыл. Бұл астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Жаз уақыты. Үш күндік демалыс. Еліміздік барлық өңірлерінен демалуға халық келеді, Нұр-Сұлтанның өзінде 1,1 миллион адам бар, шетелдік туристерді қосыңыз. Жоқ, той болмайды деп тоқтатып тастауға болмайды. Түсінетін шығарсыздар. Бәрімізге демалыс керек, қандай болмасын», - деп тоқтады Ерлан Каналимов.