Саясат
Трамп: Біз бірлікте үлкен істерді тындырамыз
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]АҚШ президенті Трамп Пентагон Солтүстік Атлант Шарты ұйымының қауіпсіздігіне қатер төндіретін ресейлік әуе қорғаныс зымыран жүйесін сатып алу туралы Түркияның шешімінен туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатқанын айтты деп хабарлайды WSJ газеті.
Трамп әкімшілігі мен Конгресс алдыңғы аптада Түркия S-400 деп аталатын ресейлік қаруды сатып алатын болса F-35 жасырын ұшақ бағдарламасынан шеттетілгенмен қоса, Түркияның санкцияларға ұшырайтынын ескерткен болатын.
Дегенмен, сенбі күні Жапонияда өтіп жатқан «Үлкен жиырмалық» саммитінің екі жақты кездесуінен бұрын Түркияның президенті Реджеп Тайип Ердоған онымен бірге отырған сәтте, ол мәселенің түп-тамыры Обама әкімшілігінің Анкараның Американдық "Патриот" әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сатып алуына кедергі болу мақсатында қабылдаған шешімінде жатыр деді.
"Бізде жағдай күрделі, өйткені Ердоған мырзаға “Патриот” зымырандарын сатып алуға жол берілмеді», - деді Трамп мырза журналистерге. Ол сөзін: "Сондықтан оләринебасқа зымыранды сатып алады,ал олар (Ресейліктер) кенеттен: “Енді, біздің зымыранды сатыпалыңдар”, - дейді. Бұлай бизнесс жасауға болмайды. Бұл жақсы емес.",-деп аяқтады.
Құны 2,5 миллиард доллар тұратын S-400 зымыран-тасымал жобасы американдық-түрік қарым-қатынастарын бұзып, елеулі дипломатиялық қақтығыс түрік экономикасын толығымен дағдарысқа ұшыратама деген алаңдаушылық та жоқ емес.
Бірақ Ердоған мырза Ресеймен арадағы қару-жарақ туралы келісімнен бас тартпайтынын, және шілде айының бірінші жартысында S-400-ды тасымалдау басталатынын айтқан болатын
Түрік ресіми өкілдері АҚШ Патриоттарды қолжетімді бағамен және техниканы трансферттеу туралы тиімді міндеттемелерді ұсынбағандығы себепті Ресейге бет бұрғанын айтты. Өткен жылдың соңында Tрамп әкімшілігі S-400-ді “патриоттар”мен ауыстыруды ұсынды, бірақ өткен аптада Ердоған бұл ұсыныс ресей ұсынған стандарттарға жетпейтінін айтқан еді.
АҚШ-тың ресми өкілдері Түркияға S-400-ді F-35 ұшақтарымен бірлесіп жұмыс істеуге рұқсат бермейтінін және Анкараның да жасырын ұшақ туралы мәліметтерді Ресейге тым жақындатудан қорқытқаны туралы мәлімдеген болатын.
Трамп мырза 29-шы маусым,сенбіде шілде айында Түркияға ресми сапармен баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, бірақ нақты уақыт белгіленбегенін айтты.
"Түркия біздің досымыз. Біз бірлікте үлкен істер тындырамыз", - деді Трамп мырза.