Саясат
Жаппай тәртіпсіздікке шақыру әлі де жалғасып жатыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Құрметті отандастар! Ағымдағы жылдың 28 маусымында прокуратура органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізудің тәртібі мен шарттары туралы заңға түсініктеме берді. Мемлекет мұндай жария іс-шараларды өткізуге конституциялық құқықты іске асыруды "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заң шеңберінде қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде аталған заң талаптарын бұзып, 2019 жылғы 6 шілдеде санкцияланбаған митингтерді ұйымдастыруға және оған қатысуға арандатушылық шақыруларды тарату әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Жүргізіліп жатқан үгіт - жекелеген адамдардың жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кезекті талпынысы. Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкес мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынады және жауапкершілікке әкеп соғады", - дейді ол.
Осыған байланысты, құқық қорғау органдары аталған заңсыз іс-әрекеттердің жолын кеседі.
"Рұқсат етілмеген жария акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру, не оларға қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу). Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауапкершілік туындайды (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі зиян келтірсе)", - деді Дембаев.
Хабарламаны ескере отырып, бас прокуратура қазақстандықтарды заң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.