Спорт

Жанқош Тұраров әлемдік рейтингте жоғарылады

Бокс әлемі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров әлемдік рейтингте көтерілді , - деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Жанқош Тұраров әлемдік рейтингте көтерілді. Орта салмақтағы WBO  Intercontinental белбеуін иемденген отандасымыз  Boxrec.com рейтингінде 67-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 17 кездесуінде нокаутпен ұтқан.