Саясат

Тоқаев Донақовты қабылдады

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасына қандай тапсырма берілді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.    

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.