Саясат
"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады.
"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді ол.
"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады.
"@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз", - делінген жазбада.
Нұрдәулет Шертім отбасымен. Қарашаның 1-5 аралығында Италияда панкратионнан чемпионат өтеді. Оған 25 қазақстандық балуан қатысады.