Саясат
Экс-мәдениет және спорт министрі жаңа қызметіне қатысты қандай пікір білдірді?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Экс-мәдениет және спорт министрінің жазуынша, ол бұрыннан бері археологиямен айналысқысы келген.
"Достарым, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалғаным көбіңізге белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлына маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіре отырып, сіздермен қуанышыммен бөліскім келеді, менің кәсіби тұрғыда айналысқым келетін іс те, елімізде жаңа деңгейге көтеруді керек ететін сала - археология. Менің бұл қызығушылығымды өздеріңіз жақсы білесіздер. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысуға толық мүмкіндік туғанына ризамын!
Қазақстан қойнауы құпиялар мен қазынаға толы, тарихтан сыр шертетін жерлер қаншама!
Сіздермен барлық жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламын. Құттықтауларыңызға көп рақмет!", - деді музей директоры өзінің жазбасында.