Weekend
57 жастағы адамнан түк қалмаған
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]ДНК тесті американдық Техас штатының тұрғынының денесін иттер жеп қойғанын растады. Бұл туралы Washington Post басылымы хабарлайды.
57 жасар Фредди Мэк (Freddie Mack) Винес қаласынан қашықтықта, жеке үйде жалғыз өзі өмір сүрген. Ол адамдардан алыстап, 18 итті асыраған екен. Екі аптада бір рет оған туыстары келіп, азық-түлік үшін дүкенге апарады екен. Оның жоғалып кеткенін бірінші болып, солар байқаған.
Мамыр айының басында олар полицияға Мэкті таба алмай жатырмыз деп шағымданады. Олар сәуір айынан байланыса алмаған, үй ауласынан кіруге, агрессивті иттері мұрсат бермеген. Шерифтің көмекшілері жануарларды алаңдатып, үйге кірсе де, иесін таба алмаған.
15 мамыр күні үй ауласынан кішкене сүйек табылған. Тағы бірнеше сүйек, шаштар мен маталар үзінділері, иттердің нәжістерінен табылды. Генетикалық талдау олар Мэкке тиесілі екенін көрсетті. Соған қарағанда, иттер оны сүйектері мен киімдерімен бірге жеп қойған.
"Бастапқыда біз бұл мәселеге кейбір сенімсіздікпен қарадық, өйткені, одан ештеңе қалмаған", - деді Washington Post газетіне Джонсон округінің шерифі Адам Кинг (Adam King).
Тергеушілер, үй жануарларының, өз иелерінің денелерін толығымен жеген басқа да жағдайларды еске түсіре алмады.
13 итті агрессивтілігі үшін ұйықтатып тастаған. Бұл иттер басқа екі итті өлтіріп үлгерген екен. Қаза тапқан адамның үш иті әлі тірі және әзірге иттер үйінің қамқорлығында.
Иттер өз иесін талап, өлтіргені немесе ол өз өлімімен қайтыс болғаннан кейін, жегені жайлы нақты мәлімет жоқ.